RU
Толық нұсқаға өту

Тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы байланыс нығая түсті

19.11.2026, 21:40 36

Астана қалалық Қоғамдық кеңес мүшелері жыл басынан бері тұрғындарды қабылдап, ондаған адамның мәселесін шешуге атсалысты, деп хабарлайды 24KZ.

Ал үш азаматтың өтініші қазір жауапты мекемелермен бірлесе қаралып жатыр. Бұл туралы Қоғамдық кеңестің 10 жылдығына орай ұйымдастырылған отырыста айтылды. Осы жылдар аралығында 200-ден астам жиын өтіп, мыңға жуық тұрғынның түрлі саладағы мәселелері қаралған. Кеңес мүшелері нормативтік-құқықтық актілер мен қаулылар, енсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, білім, мәдениет секілді бірқатар салада қоғамдық тыңдаулар өткізген. «Осы арқылы қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы байланыс нығая түсті», – дейді мамандар.

Кәрімбек Құрманәлиев, қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы:

– Біз ортадағы көпірміз. Сол мағынада келгенде, 10 жыл ішінде мыңға жуық мәселе қаралды. Соның ішінде 700-ден астам нормативтік-құқықтық акті қарадық. Оның бәрі Астананы жақсарту үшін. Инфрақұрылымды жасау, мәдени объектілерді, әлеуметтік саланы, жалпы адами сапаны көтеру мәселесіне арналған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz