ТМД елдері арасындағы көші-қонды реттеу тәсілдерін қалыптастырып, цифрлық тетіктерін дамыту. ТМД елдерінің Парламентаралық Ассамблеясы Кеңесінің 61-ші пленарлық отырысында Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебай осы мәселені көтерді, деп хабарлайды 24KZ.
Айта кетейік, алқалы жиын Түрікменстанның Аваза туристік аймағында өтті. Айбек Дәдебай, жасанды интеллект пен жаңа технологияларды лаңкестік мақсатта пайдалануға қарсы іс-қимылдың заңнамалық негіздеріне де тоқталды. «Бұл құжат қазіргі сын-қатерлерге дер кезінде жауап беріп қана қоймай, жаңа технологиялардан келер қауіп-қатерден қорғауы керек», – деді Құрылтай Төрағасы. Бұдан бөлек, Кеңес отырысында сауда-әкімшілік кедергілерді жою, инвестициялық ынтымақтастық пен транс-шекаралық су ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері қаралды.
Айбек Дәдебай, Құрылтай төрағасы:
– Бүгінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдеріміз арасындағы саяси диалог пен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытып, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетудегі тұрақты платформа ретінде қызмет етіп келеді. Бұл ретте парламенттік өлшем Достастықтың институционалдық негізін нығайтуда маңызды рөл атқара отырып, интеграциялық процестерді құқықтық тұрақтылықпен қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының Құрылтайы Достастықтағы серіктестерімен ынтымақтастықты әрі қарай ілгерілетуге дайын.
Тегтер #құрылтай #ТМД #кеңес #отырысPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz