2030 жылға дейін кемінде 1 млн 300 мың гектар суармалы алқапқа су үнемдеу технологиясы енгізілуі керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ІІІ форумында Үкіметке осы міндетті жүктеді. Қазір мұндай технология 700 мың гектарда қолданылады, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл елдегі суармалы жердің жартысына да жетпейді. Ел бойынша 4 мың 600 шақырым суару арнасын жаңарту және жөндеу жұмыстары басталды. Соның мың шақырымға жуығы жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Нәтижесінде 200 мың гектар алқапты сумен қамту жақсарады. Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдіктерге суармалы жерді кеңейтпес бұрын су жеткізу мүмкіндігін, арналардың жағдайын және электр желілерінің қуатын ескеруді тапсырды.
Тегтер #су үнемдеу #президент #суармалы алқап #Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің ІІІ форумыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz