RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Aqorda

Президент: Тәуелсіздіктің 35 жылдығы – мемлекет дамуындағы маңызды белес

20.11.2026, 17:06 26

Биыл еліміз Тәуелсіздіктің 35 жылдығын атап өтеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында осы тарихи белестің маңызына тоқталып, елдің алдағы даму бағыттары туралы айтты, деп хабарлайды «24KZ».

Көп ұзамай халқымыз ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығын атап өтеді.

Бұл – мемлекетіміздің тарихи өсіп-өркендеу жолындағы аса маңызды белес.

Осы кезеңде біз талай қилы жолдан аман-есен өттік.

Берекелі бірлігіміздің арқасында көптеген сынақты абыроймен еңсердік. Мемлекеттігімізді нығайттық, халықаралық абырой-беделімізді күшейттік.

Біз Қазақстанды бәсекеге қабілетті озық ел ретінде дамыту үшін әлі де белсенді әрі табанды жұмыс істей береміз.

Әрине, осы кезге дейін бәріміз жұрт болып жұмылып, біраз шаруа атқардық.

Өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілікті терең сезіне отырып, ауқымды реформаларды жүзеге асырдық, – деді Президент.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz