RU
Толық нұсқаға өту

Құрылтай депутаттары ғалымдардың жобаларымен танысты

23.11.2026, 22:00 35

Ғылыми жаңалықты өндіріске енгізудің жаңа тетіктерін қарастыру қажет. Бұл туралы Астанадағы Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агро-техникалық зерттеу университетіне барған Құрылтай депутаттары айтты, деп хабарлайды 24KZ.

Отандық ғалымдар ауыл шаруашылығына нақты не қажет екенін ескере отырып, ғылыми әзірлеме жасауы тиіс. Ал оны өндіріске енгізу барынша жеңіл болғаны жөн. Депутаттар оқу ордасының зертханалық базасын көріп, ғылыми жұмыстардың жарыққа шығуынан хабардар болды. Университеттің агро-техно-паркінде ғалымдар 130 ғылыми жобамен таныстырды. Олардың біразы патенттеліп, жаппай қолданысқа енгізілген. Депутаттардың аталған жұмыс сапары, 10-шы желтоқсанға жоспарланған «Агроөнеркәсіптік кешендегі ғылымды коммерцияландыру және технологиялар трансферті мәселелері» тақырыбындағы Құрылтай отырысына дайындық аясында ұйымдастырылды.

Бота Елеусізова, Құрылтай депутаты:

– Іскерлік байланысымыз әрі қарай жалғасын табады. Кез келген мәселені жан-жақты талқылап, осы біздің қоғамға, ауыл шаруашылығына қажетті дүниелерге біз қолдауға дайынбыз. Келешекте қандай заң қабылдау қажет, қай заңды пысықтау қажет. Себебі заманның өзгерісіне қарай заңды да үнемі толықтырып, жаңартып отыру қажет.

Ержан Айнабеков, С. Сейфуллин атындағы ҚАТЗУ агротехнопаркінің директоры:

– Агротехнопарк биылғы жылы наурыз айынан бастап жұмыс істеп келе жатыр. Қазір біраз жұмыстарды атқарып тастады. Жалпы агротехнопарктің жұмысы – ғылым мен білімді және өндірісті біріктіретін алаң. Енді Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Ғылым мен бизнестің арасын жақындату керек», - деп тапсырған. Сондықтан технопарк жұмысы – ғылым мен бизнесті байланыстыру ғана емес, оның арасындағы өзара әрекеттестікті қалыптастыру.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz