RU
Толық нұсқаға өту

Астанада спайкингке қарсы күрестің тетіктері талқыланды

23.11.2026, 22:20 28

Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері мен Құрылтай депутаттары спайкингке қарсы күресте бірлесіп іс қылады, деп хабарлайды 24KZ.

Олар заң жобасын жетілдіріп, жастар арасында есірткіге тәуелділік, еліткіш заттардың таралуына тосқауыл қоюды көздейді. Бүгін Астанада Құқықтық мәдениет және медиация мәселелері жөніндегі салалық комиссияның кезекті отырысында осы мәселе қаралды. Жиынға Ішкі істер министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері және қоғам белсенділері қатысты. Кеңес мүшелері жауапкершілікке тарту тетіктерімен қатар алдын ала түсіндіру жұмыстарын да жетілдіруге ниетті. Зардап шеккендерге психологиялық және құқықтық қолдау көрсетудің заманауи стандарттарын заңнамалық тұрғыдан бекітпек.

Мәди Мырзағараев, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:

– Жастар арасындағы есірткіге қарсы күрес мәселесін, соның ішінде басты назарда ұстайтын спайкинг мәселесін талқыладық. Жан-жақты зерттеп, зерделеп, осы мәселе бойынша өз ұсыныстарымызды айтып, талқыладық. Оларды мемлекеттік органдарға жолдайтын болып шештік. Бұл мәселенің бүгін көтеріліп отырғаны тегін емес. Себебі ол күннен-күнге өзекті мәселеге айналып барады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz