«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды «24KZ».
Ерсайын Нағаспаев Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолында Инвестициялар комитетінде, Сыртқы істер министрлігінде және Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Елшілігінде жұмыс істеген. Сондай-ақ Көлік және коммуникация министрлігінде, «Ақтау халықаралық теңіз сауда порты» РМК-да басшылық қызметтер атқарған.
Бұдан бөлек, Қарағанды облысы Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары және «Астана» ӘКК» АҚ басқарма төрағасы болған.
2021–2025 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарушы директоры қызметін атқарды. Ал 2025 жылғы ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі болды.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #тағайындау #ҚТЖ #Ерсайын НағаспаевPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz