RU
Толық нұсқаға өту

Бектенов ҚТЖ ұжымына жаңа басқарма төрағасын таныстырды

24.11.2026, 14:49 19

Премьер-министр Олжас Бектенов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» ұжымына жаңа басқарма төрағасын таныстырды. Үкімет басшысы Ерсайын Нағаспаевтың мол тәжірибесі мен компаниядағы еңбек жолын да атап өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Олжас Бектенов «Қазақстан темір жолы» компаниясының жаңа басшылығы алдында тұрған негізгі міндеттерді айқындады. Басым бағыттар қатарында көлік-логистика саласының әлеуетін одан әрі кеңейту, транзиттік тасымал көлемін арттыру, теміржол инфрақұрылымын дамыту және компания қызметінің тиімділігін жақсарту бар. Сонымен қатар корпоративтік тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты күшейтуге ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған Қазақстанды Еуразияның жетекші көлік-логистикалық хабына айналдыру жөніндегі жұмыстарды да жалғастыру қажет. Бұл бағытта ауқымды істер атқарылып жатыр. Ал оның нәтижелері үшін ерекше жауапкершілік «Қазақстан темір жолына» жүктеледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz