Теміртау қаласында қоғамдық кеңес мүшелері шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті.
Олар Жолдаудың негізгі бағыттарын түсіндірді. Кездесу «Qarmet» кәсіпорнында, сондай-ақ Теміртаудың мәдениет үйінде өтті. Қалада 11 мыңнан астам шағын және орта бизнес тіркелген. Белсенділердің айтуынша, биыл бизнесті одан әрі дамытуға үлкен мүмкіндік туып отыр. Себебі Мемлекет басшысы құрылыс және қызмет көрсету салаларын дамытуды тапсырды. Сонымен бірге шағын бизнестің мемлекеттік сатып алуларға қатысу мүмкіндігі артады.
Аяжан Мақан, "Әділет" партиясының мүшесі:
- Мемлекет басшысының Жолдауында келесі жылды ауқымды құрылыс жылы деп жариялаған еді. Ал ол кәсіпкерлерге қарасты шағын және орта бизнес өкілдеріне де қатысты. Себебі ол кісілердің пікірін, ұсыныстарын тыңдау маңызды. Әрі қарай осы бастамаларды жүзеге асыру жолында үлкен роль атқарады десек болады.
Ал Абай облысында партия өкілдері «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлерімен кездесті. Жиында орман алқаптарын сақтап, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету сөз болды. Қатысушылар резерватты заманауи техникамен жабдықтау, материалдық-техникалық базасын жаңарту және қызметкерлерге қолайлы еңбек жағдайын жасау қажеттігін атап өтті.
Лилия Мүслімқызы, "Әділет" партиясы Абай облыстық филиалы саяси кеңесінің мүшесі:
- Біздің өңірде ауыл шаруашылығын, өңдеу өнеркәсібін, логистиканы және шағын кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік мол. Алайда басты мақсат – тек шикізат өндіру емес, оны терең өңдеу арқылы қосылған құны жоғары дайын өнім шығару. Жолдаудың негізгі мәні – экономиканы жақсарту, сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.
Тегтер #жолдау 2026 #Теміртау #24KZ #Әділет партиясыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz