Енді емделушілер өзінің электрондық медициналық картасын кімнің қарағанын және онда қандай әрекет жасағанын бақылай алады, деп хабарлайды 24KZ.
Бұл талап бүгін Құрылтайда қаралған денсаулық сақтау туралы заң жобасына енгізілген. Тиісті құжат бүгін бірінші оқылымда мақұлданды. Демек азаматтар мобильді қосымшалардан өздеріне қандай медициналық қызметтің көрсетілгенін көре алады. Сондай-ақ заң жобасында ауруханалардың ақпараттық жүйелерін өзара байланыстыру көзделген. Мәселен, аудандық ауруханада түсірілген рентген, компьютерлік томография немесе МРТ нәтижесін Астана не Алматыдағы дәрігер қашықтан көре алады. Бұл дәрігерлердің өзара кеңесуін жеңілдетіп, науқастың бір тексеруден қайталама өтпеуіне сеп. Сонымен бірге медициналық деректерді қорғау талаптары күшейтіледі.
Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі:
– Қазір денсаулық сақтау министрлігі медақпараттық жүйелердің бір-бірімен ақпарат алмасу жөнінде үлкен жұмыстар жүргізіп жатыр. Осы жылдың ішінде 23 бірыңғай деректерді сақтайтын мемлекеттік ақпараттық жүйелер сонымен қатар жеке меншік ұйымдардың ақпараттық жүйелерін біріктіруді аяқтап жатырмыз. Осы жылдың соңына дейін бітеді.
Тегтер #24KZ #электронды формат #Медициналық қызмет #құрылтай 2026 #Таңдаулы #Құрылтай отырысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz