Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге жұмыс сапары барысында AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысты, деп хабарлайды 24KZ.
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен бірге екі елдің жасанды интеллект саласындағы жобалары қойылған көрмені аралады. Қазақстан экспозициясы алты бағытты қамтыды. Көрмеде «Технологиялық ұлт», Startup City, GovTech және Aitu жобалары, сонымен қатар көлік пен қаржы технологиялары салаларында жасанды интеллектіні қолдану үлгілері ұсынылды. Ресей тарапы білім беру, денсаулық сақтау, қала құрылысы, сот ісін жүргізу және мұнай өнеркәсібіне арналған цифрлық шешімдерді көрсетті. Екі елдің салалық ведомство басшылары президенттерге жасанды интеллект қолданылып жатқан басым жобаларды таныстырды.
Тегтер #24KZ #Мәскеу #AI Journey 2026 #Ресей #жасанды интеллект #көрме #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz