RU
Толық нұсқаға өту

«Әділет» партиясы үш өңірде Президент Жолдауын түсіндірді

26.11.2026, 21:50 34

Ұлытау облысында 2029 жылға дейін 58 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Өңірдің даму жоспары «Әділет» партиясының Президент Жолдауына арналған кездесулерінде талқыланды, деп хабарлайды 24KZ.

Алматыда маман даярлау мәселесі көтерілсе, Атырауда су және энергетика салаларына басымдық берілді.

Жезқазғанда конгресс-орталық, университет, инклюзивті спорт және әлеуметтік қызмет көрсету орталығының құрылысы басталды. Қаладағы №4 мектепте өткен кездесуде тұрғын үй құрылысы мен инженерлік желілерді жаңарту мәселелері де сөз болды.

Алматыда партия өкілдері Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары мен студенттерімен кездесті. Жиында еңбек нарығына қажет мамандарды даярлау, ғылымды дамыту және жасанды интеллектіні білім беруде қолдану талқыланды.

Айнұр Мұқажанова, «Әділет» партиясының мүшесі:

– Президент Жолдауындағы басты басымдық – адам және оның әл-ауқаты. Әсіресе ғылым мен инновацияны дамыту маңызды. Соның ішінде жасанды интеллектіні жоғары білім беру жүйесінде қолдану мәселесі өзекті. Бүгінде әр адам жасанды интеллектіні пайдалануды меңгеруі керек. Сонымен қатар экономикадағы өзгерістерге сай жаңа кадрлар даярлау қажет.

Атырауда партия мүшелері «Магистральдық су құбыры» мен «KEGOC» кәсіпорындарының қызметкерлерімен кездесті. Қатысушылар су және энергетика қауіпсіздігі мен инфрақұрылымды жаңғырту жөнінде сауалдарын қойды.

Қуандық Жақиялиев, «Әділет» партиясы Атырау ҚФ төрағасы:

– Бұның ішінде көп қызықтыратыны – Халықтық құрылыс. Яғни сол құрылысқа халықтың барлығы бірдей атсалысып, соны талқылауға мүмкіндік алып отыр. Осыған байланысты су ресурстарын тиімді пайдалану және де осы денсаулық сақтау саласына, білім саласына қатысты.

«Әділет» партиясының өкілдері Президент Жолдауын түрлі сала мамандарымен талқылауды әлі де жалғастырады.

Авторы: Данияр Сұлтанұлы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz