RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан мен ҚХР сауда және көлік байланысын кеңейтеді

26.11.2026, 23:30 16

Қазақстан мен Қытай әуе рейстерін көбейтіп, жүк тасымалының көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Отандық тауарды Азияның жаңа нарықтарына шығару да көзделген, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы елшісі Хань Чуньлинь екі ел басшыларының келіссөздерін қорытындылау барысында айтты. Биыл шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайда Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Тараптар сауда, энергетика, көлік, цифрлық экономика, жасанды интеллект және ауыл шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастықты талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылды. Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі – көлік-логистика саласы. Екі ел арасындағы әуе рейстерінің санын аптасына 150-ден 180-ге дейін көбейту жоспарланып отыр. Елшінің айтуынша, былтыр экспортқа 30 жарым млн тонна жүк жөнелтілген. Қазақстан–Қытай логистикалық хабы арқылы отандық бидайды, күнбағыс тұқымын және түсті металдарды Жапония, Оңтүстік Корея мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің нарығына шығару көзделген.

Хань Чуньлинь, ҚХР Қазақстандағы елшісі:

– Келер жылы екі ел арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 35 жыл толады. Қытай тарапы Қазақстанмен бірге жаһандық даму бастамасын іске асыруға және осындай стратегиялық жоспарларды екі ел халқының игілігіне қызмет ететін нақты нәтижелерге айналдыруға дайын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz