«Ауыл» партиясы өңірлік сайлау штабтарының жұмысын қорытындылады.
Саяси ұйымнан сайлау науқанына 440 кандидат қатысты. Оның 373-і ер адам, 67-і әйел. Кандидаттардың 112-сі партиялық тізім бойынша, қалғаны бірмандатты сайлау округтері бойынша ұсынылды. Осы уақыт аралығында бас-аяғы 1405 іс-шара ұйымдастырылған. Бұдан бөлек сайлаушылармен жеке кездесулер де өтті.
Дәурен Бабамұратов, «Ауыл» партиясы орталық аппаратының жетекшісі:
- 20 өңірге сәйкес біз бөлек-бөлек сайлауалды бағдарлама жасаған болатынбыз. Ол біздің сайлауалды бағдарламамыздың барлығы «Ауыл» партиясының Құрылтайға ұсынылған 7 бағыттан тұратын сайлауалды бағдарламасымен үндес болды. Бірақ өзінің өңірлік ерекшелігі барлығын ескердік. Өңірлік ерекшелікке сәйкес, біздің бағыттарға сәйкес өңірдің дамуына байланысты қосымша ақпаратты қостық, күшейттік деп айтуға болады. Және әр өңірде «Ауыл» партиясының өзінің жеке өңірлік бағдарламасы халыққа, сайлаушыларға ұсынылды.
Тегтер #Ауыл партиясы #мәслихат сайлауы #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz