RU
Толық нұсқаға өту

«Халыққа жақын» мобильді тобы Қызылорда облысында тұрғындарды қабылдады

28.11.2026, 13:20 26

«Халыққа жақын» республикалық жобасы аясында Қазақстан Халық Кеңесінің мобильді тобы Қызылорда облысында жеке қабылдау өткізді. Қазалы ауданында қабылдауға 130-дан аса адам қатысты, деп хабарлайды 24KZ.

Олар баспана кезегі, жер телімдерін алу, медициналық қызмет пен тегін дәрі-дәрмектің қолжетімділігі жөнінде сұрап білді. Ал Қармақшы ауданында тұрғындар педагогтерді аттестаттау, жас мамандарға біліктілік санатын мерзімінен бұрын беру және аудандық аурухананы диагностикалық жабдықпен қамту мәселелерін көтерді. Бұдан бөлек, ауыл кәсіпкерлерін қолдау және «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несие алу жайы талқыланды. Жауапты мамандар өтініштер бойынша түсініктеме беріп, қосымша зерделеуді қажет ететін ұсыныстарды тиісті органдарға жолдау үшін тіркеуге алды.

Геннадий Шиповских, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі:

– Біз кезінде Қызылордаға, Астанаға терлеп, ат шаптырып баратынбыз. Бүгінгі азаматтар «не деген кермет» деп бізге келіп жатыр. Сондықтан да бұл бір реттік акция емес. Алдағы уақытта біз Қазақстан бойынша басқа өңірлерде қарайтын боламыз. Біздің жобамыздың басты ерекшелігі – қаланың орталығы емес, біз барынша шалғай аудандарды аралап, шалғай елді мекендердің азаматтарына барынша мүмкіндік жасауға тырысамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz