RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда 10 338 сайлау учаскесі жұмысын бастады

29.11.2026, 07:24 40

Елде 10 мың 338  сайлау учаскесі жұмысын бастады.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, республика бойынша 12 млн 680 мыңға жуық дауыс беруші тіркелген. Дауыс беру процесінің мінсіз өтуі үшін комиссия мүшелері мен науқанның басқа да қатысушылары тиісті даярлықтан өтті.  Оған ұзын саны 101 869 адам қатысты. Ал сайлау комиссияларының мүшелеріне 3800-ден астам семинар ұйымдастырылды. Бұл ретте округтік сайлау комиссиялары мүшелерін даярлауға басымдық берілген. Олар арнайы тестілеуден өтіп, тиісті сертификаттарға ие болды. Бұдан бөлек өңірлерде саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері арналған ақпараттық-түсіндірме және оқыту жұмыстары жүргізілді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz