RU
Толық нұсқаға өту

Алматы облысында 229 депутат сайланады

29.11.2026, 09:43 42

Алматы облысы бойынша барлық деңгейдегі мәслихаттарға 229 депутат сайланады. 

Соның 38-і облыстық, 23-і қалалық, ал қалғаны аудандық мәслихаттарға барады. Қазір Қонаев қаласындағы сайлау учаскелерінде дауыс беру қызу жүріп жатыр.

Өңірде сайлауды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына барлығы 899 сайлау комиссиясы жұмылдырылды. Оның 12-сі аумақтық, 204-і округтік, 683-і учаскелік сайлау комиссиясы. Аталған комиссиялардың құрамында алты мыңға жуық адам қызмет атқарып жатыр.

Мейрамгүл Аитова, Алматы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Мүгедектігі бар азаматтарға кедергісіз орта, арнайы жабдықталған дауыс беру кабиналарымен қажетті жағдайлар қарастырылған. Денсаулық жағдайына байланысты немесе сырқаттанған отбасы мүшесін күтуіне орай сайлаушы дауыс беру учаскесіне келе алмаса, өзінің берген өтініші негізінде сағат 12:00-ге дейін ол сайлаушының дауыс беруі тұрғылықты жері бойынша ұйымдастырылатын болады. Жағдай қалыпты.

Сайлаушыларға үш сайлау бюллетені берілді. Олар көгілдір, жасыл, күлгін және қызғылт-сары түсті. Сайлаушылар сол арқылы облыстық, қалалық және аудандық мәслихат депутаттарын сайлап жатыр. Байқаушылар әзірге қандай да бір заң бұзушылық тіркелмегенін айтты.

Мейрамгүл Сейітқазиева, байқаушы:

- Ауған соғысы ардагерлері ұйымының атынан келіп тұрмын. №949 участокта сағат 07:00-де ашылды, заң бұзушылық жоқ, бәрі жақсы өтіп жатыр. 

Алматы облысында 1 млн 56 мың 474 сайлаушы тіркелген. Дауыс беруді ұйымдастыру үшін құрылған 683 учаскенің 73,4 пайызында  онлайн сервистер іске қосылады. Облыс бойынша 28 инватакси мен 65 сурдоаудармашы қызмет көрсетіп жатыр.

Ардақ Айбарұлы, Аманжол Жөңкешов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz