RU
Толық нұсқаға өту

Елордада алты мыңнан астам адам мәслихат сайлауында алғаш рет дауыс береді

29.11.2026, 11:12 32

Бүгін бас қалада бас-аяғы 1 млн-нан астам адам дауыс береді деп жоспарланып отыр.

Қала халқы мен қонақтары үшін шаһарда 446 учаске қызмет көрсетіп тұр. 4 мың комиссия мүшесі саяси науқанның кедергісіз әрі заң аясында өтуі үшін жұмылдырылды. Бұдан бөлек 36 бірлестіктің байқаушылары да кірпік қақпай бақылап отыр. Сол секілді, әр кандидаттың сенімді өкілдері де осында. Қарашаның да қарқыны қатты. Таңмен таласып таңдау жасауға келген тұрғындар легі түске таяу да саябырсыған жоқ. Әсіресе жастардың қарасы қалың. Айталық, бұл жолғы жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауында 6 мыңнан астам астаналық жас алғаш рет дауыс береді. 

Амангүл Амангелдіқызы, Астана қалалық №298 сайлау учаскесінің төрағасы:

- Осы жылдың сайлау ерекшелігі бұрын бізде тек ғана байқаушылар болса, қазір бір мандаттық округтан түсіп жатқан кандидаттардан сенімді өкілдер бар.  Сенімді өкілдері келіп тіркеледі, сайлау учаскесінде заң талаптарына сай өтіп жатыр ма, жоқ па, соны бақылауға. Бұл саяси науқанда сайлаушыларға екі бюллетень беріледі. Біреуі жанағы партия тізімі жазылған. Екінші бюллетеньде аймақтық округтен  түсіп жатқан кандидаттар тізімі бар. Сайлаушылар келіп, өздерінің қалаған кандидаттарына дауыс бере алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz