Батыс Қазақстан облысында 451 мың 868 азамат дауыс беру құқығына ие.
Олар өңірдегі 488 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасап жатыр. Облыстық мәслихатқа 5 саяси партия тізімін ұсынса, бір мандатты аумақтық округтер бойынша 521 кандидат тіркелді. Сайлау барысын 783 байқаушы бақылап отыр. Оның 91-і кандидаттардың сенім білдірген адамдары, 233-і саяси партия өкілдері, 378-і қоғамдық бірлестік байқаушылары. Солардың бірі Жанар Сарбопина Деркөл шағын ауданындағы №44 учаскеде сайлау барысын бақылап отыр. Қоғам белсендісі дауыс беру процесінің заң талаптарына сай өтіп жатқанын айтады.
Жанар Сарбопина, «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының өкілі:
- Қазіргі уақытта сайлау учаскесінде ешқандай заң бұзушылық, кедерілер болған жоқ. Сайлаушылар келіп, өз дауыстарын ашық түрде еркін беріп жатыр. Біздің мақсатымыз сайлаудың ашық әрі әділ түрде өтуіне үлес қосу. Байқаушы ретінде бейтараптықты сақтап, өз міндетімізді жауапкершілікпен атқарып өтемін.
Баян Сағынғалиева, сайлаушы:
- Ол енді әркімнің азаматтық құқығы ғой. Біздер қалмаймыз, қай уақытта да келіп, дауыс береміз. Ел тыныш болсын, жұртымыз аман болсын, жақсы бейбітшілік заман болсын! Сол үшін халқыма жұмыс жасайды деп ойлаймын.
Тегтер #БҚО #мәслихат сайлауы #байқаушы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz