Алматыда сайлаушылар қай сайлау учаскесінде дауыс беретінін онлайн қызметтер арқылы біле алады. Ол үшін арнайы ақпараттық тақтадағы QR-кодты сканерлеу жеткілікті, деп хабарлайды 24KZ.
Цифрлық қызметтер сайлау процесін жеңілдетіп, азаматтардың қажетті мәліметке жедел қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Сайлау учаскесінің мекенжайын білмейтін немесе тұрғылықты жері өзгерген тұрғындар үшін бұл өте ыңғайлы. Дауыс беру учаскелерінде азаматтардың сайлау құқықтарын жүзеге асыруына қажетті ақпараттық материалдар қолжетімді. Сұрақ немесе өтініш туындаған жағдайда хабарласатын тиісті органдардың байланыс телефондары мен мекенжайлары көрсетілген. Тұрғылықты мекенжайы бойынша тіркеуде жоқ азаматтар уақытша тіркеуге тұрып, өз таңдауын жасай алады.
Жанар Оразалиева, №686 сайлау учаскесінің төрағасы:
– Сайлаушыларға тағы бір мүмкіндік жасалған. Алматы қаласы бойынша және Бостандық ауданында 5 сайлау учаскесінде егер де мекенжайлары жоқ болса, бір күндік тіркеуге тұрып, дауыс бере алады.
Алматыда сайлау күні тұрғындар көз жанарын тегін тексертуге мүмкіндік алды. Жетісу ауданындағы №18 сайлау учаскесінде дауыс берген сайлаушылар арнайы құрылғыда көру қабілетін анықтау үшін алғашқы скринингтік тексеруден өтті. Бұл бастаманы оптикалық компания ұйымдастырды. Мамандар келушілердің көз жанарын тексеріп, кеңес берді. Көру қабілетін сақтау, көзге түсетін салмақты азайту және күнделікті күтім жасау жөнінде ұсыныстар айтты. Мұндай шараның маңызы зор. «Өйткені көздегі кейбір өзгерістер бірден байқала бермейді», – дейді мамандар. Тұрғындар, дауыс беруге келіп, пайдалы медициналық тексеруден өткеніне қуанышты.
Мақпал Ескелдиева, Алматы тұрғыны:
– Дауыс беруге келдім және бұл жерде мен көз тексерттім. Көзімнің плюс, минустығын білдім. Ол маған өте пайдалы нәрсе болды. Осы жерге келгеніме қуанып тұрмын. Үлкен рақмет сіздерге, алғысым шексіз.
Тегтер #24KZ #мәслихат сайлауы #сайлау учаскелері #онлайнPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz