RU
Толық нұсқаға өту

Жас хоккейшілер елге оралды

29.01.2024, 08:28 787

Хоккейден алғаш рет қысқы жасөспірімдер Олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізген спортшыларымыз елге оралды.

Жерлестерімізді елорда әуежайынан ата-аналары, туыстары және достары күтіп алды.

Айта кетейік жас хоккейшілеріміз қола жүлдеге таласта Аустрия құрамасын 6 да 5 есебімен жеңген болатын. Олимпиадада спортшыларымыз 104 шайба соғып, 9 ойында өз қақпасына 83 шайба өткізіп алды. Құрама сапында Астана қаласының 9 ойыншысы өнер көрсетті. Олар Никита Кулаков, Матвей Решетько, Расул Тұрсынов, Жахангер Тілеухан, Таир Бигаринов, Әділхан Тілеухан, Бексұлтан Мақыш, Арман Төлен және Әнуар Ахметжанов.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz