RU
Толық нұсқаға өту

Астанада ерекше балалар жарысқа қатысты

01.03.2024, 08:35 807

Арм Бэк. Дәл осындай атаумен елде жаңа спорт түрі пайда болды.

Ерекшелігі сол, оны отандық мамандар ойлап тапқан. Кеше ғана оны ресми таныстырды. Арм Бэк – бұл арнайы құрылғының атауы. Ағылшын тілінен аударғанда қолмен тарту деген мағынаны білдіреді. Іс жүзінде мүмкіндігі шектеулі балалардың қозғалысын реттеп, қарым-қабілетін жетілдіреді.

Осы жаңа спорт түрі бойынша ең алғашқы жарыс Астанадағы жекпе-жек сарайында өтті. Оған 8 өңірдің өкілдері қатысты. Жоба авторы Садық Байымбетов енді оны тұрақты ұйымдастырып, ауқымы мен форматын ұлғайтуды көздейді. Елордада ерекше балалардың бәсекесіне депутаттар, кәсіпкерлер, қоғам белсенділері жиналды. Олар да өз тарапынан барынша қолдау танытып, жобаның сәтті жүзеге асуына атсалысатындарын айтады. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz