Елена Рыбакина Mutua Madrid Open турнирінің төртінші кезеңіне өтті.
Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Еліміздің бірінші ракеткасы жарыстың үшінші айналымында әлемнің 72-ракеткасы мысырлық Маяр Шерифті 6:1, 6:4 есебімен ұтты. Испания астанасында өтіп жатқан доданың төртінші кезеңінде қазақстандық теннисші америкалық Эшлин Крюгерді 6:3, 6:1 есебімен ұтқан чех спортшысы Сара Бейлекпен ойнайды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz