Шайбалы хоккейден әлем чемпионатының алғашқы матчында Қазақстан ерлер құрамасы жеңіске жетті.
Бұл туралы ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Жерлестеріміз 3:1 есебімен Франция құрамасының алдын орап кетті. Қазақстан сапынан Роман Старченко, Кирилл Савицкий және Максим Мұхаметовтер көзге түсті. Келесі матчта біздің құрама Словакия хоккейшілерімен кездеседі. Ойын ертеңге жоспарланған.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz