Шағын футболдан Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатында қола жүлдені иеленді, деп хабарлайды 24kz.
Дода Босния және Герцеговина астанасы Сараево қаласында әуесқойлар арасында өтті. Отандық спортшылар жартылай финалда Франция командасына қарсы ойнап, 7:2 есебімен басым түсті. Осылайша, құрлықтық бәйгеде үздік үштікті түйіндеді. Ұлттық құрама ойыншылары топтық кезеңде Англия және Украинаны шаң қаптырып, Грекияға 0:1 ұпайымен есе жіберіп қойды. Ал ширек финалда Словенияны орта жолда қалдырды. Әзербайжан командасымен өткен кездесуде негізгі кезең тең аяқталып, қазақстандықтар қарсыласын пенальти сериясында 7:6 есебімен басып озды. Ал жартылай финалда Румыниямен ұпай сандары тең түсіп, пенальтиде қарсыластарға жол берді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz