Футболдан Еуропа чемпионатының жартылай финалдың екінші жұбы анықталды.
Енді ақтық кезең жолдамасын Англия мен Нидерланд құрамалары өзара сарапқа салады. Ағылшындар ширек финалда швейцариялықтармен кездесіп, пенальти сериясында 5:3 есебімен жеңіске жетсе, Нидерланд құрамасы Түркияны 2 де 1 есебімен ұтты. Ойында алғаш болып гол соққан түріктер 70-минуттан бастап жеңісті уысынан шығарып алды. Аталған уақытта Де Врей есепті теңестірсе, 76-минутта Мерт Мюлдюр өз қақпасына гол соғып алды. Енді 9-10 шілде күндері Испания - Франция, Англия - Нидерланд құрамалары кездесіп, өзара шешуші кезең жолдамаларын сарапқа салады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz