Теннистен қазақстандық Юлия Путинцева Уимблдон турнирінде әлемнің бірінші ракеткасы саналатын польшалық Ига Швёнтекті ұтып, сенсация жасады.
Отандасымыз алғашқы сетте қарсыласына есе жібергенімен шешуші қос сетте 6:1, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Енді спортшымыз Үлкен дулығаның 1/8 айналымында әлемнің 14-ракеткасы, латвиялық Елена Остопенкомен кездеседі. Сондай-ақ туринирдегі тағы бір отандасымыз Елена Рыбакина 3-айналымда даниялық Каролин Возняцкиді 2:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты. Ол келесі кезеңде ресейлік Анна Калинскаямен ойнайды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz