RU
Толық нұсқаға өту

Ақтаулық велосаяхатшы Парижге жетті

26.07.2024, 12:00 836

Қазақстан ұлттық құрамасының ең адал жанкүйерлерінің бірі, Маңғыстау облысының зейнеткері Раббым Борашев Парижге жетті, деп хабарлайды 24KZ.

Оны Салтанат қақпасы алдында бір топ қазақстандық қошеметпен күтіп алды.

Ақтаулық велосаяхатшы 2 айын жолда өткізген. Осы уақытта 8 елдің шекарасын кесіп өтіпті. «Мақсатым – Олимпиада қарсаңында ұлттық құрама спортшыларына қолдау білдіру», – дейді қария. Жетістігін қазақстандық олимпиадашыларға арнауы да сондықтан.

Раббым Борашев – құрылыс саласының ардагері. Бұл оның алғашқы ұзақ қашықтыққа, велошеруі емес. Бұрын ол Алтайға дейін барған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz