Франция астанасы Парижде төрт жылдықтың басты додасы 33-жазғы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылуы жарты сағат бұрын басталды.
Төрткүл дүние асыға күткен дүбірлі доданың ресми ашылуын “Хабар” және “Еларна” телеарналары тікелей эфирде көрсетіп жатыр. Жаһанның 10 мыңнан астам спортшысы Франция төрінде бас қосып, өзара мықтыларды анықтайды. Олар 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады. Ал Қазақстанның намысын дүбірлі додада 80 атлет спорттың 25 түрінен қорғайтын болады. Жазғы ойындар 11 тамызға дейін жалғасады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz