RU
Толық нұсқаға өту

Олимпиада күнделігі: бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

30.07.2024, 15:44 837

Бүгін кешкісін жарыс жолына шығатын спортшыларға тоқталсақ. Астана уақытымен 19:18-де бокстан 80 келідегі отандасымыз Нұрбек Оралбай шығады, деп хабарлайды 24kz.

Ол 1/8 айналымда аустралиялық Каллум Петерспен жұдырықтасады. Түнгі 23:00-де Сәкен Бибосынов шаршы алаңға көтеріледі. Боксшымыз түркиялық Самет Гумуспен кездеседі. Сондай-ақ түнгі 22:00-де садақ атудан Ильфат Абдуллин бақ сынайды. Іріктеу кезеңіндегі қарсыласы - өткен жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, канадалық Эрик Петерс.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz