Қазақстандық сұрмерген Эдуард Ещенко жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды 24kz.
Ол стенд атудан ерлер арасындағы алғашқы іріктеу сынында 27-орынды иеленді. Екінші айналымда 115 ұпаймен, 26-орынға жайғасты. Дегенмен, финалға шыға алмады.
Айта кетейік, топ жарған үздік алтылық ақтық сайысқа жолдама алды. Әйелдер арасында Әсем Орынбайға да алғашқы атыс күнінде сәттілік жетіспеді. Ол іріктеудің бірінші айналымында 8 рет мүлт кетті. 67 ұпаймен, 23-сатыға жайғасты. Отандасымыз ертең екінші кезеңде бақсынайды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz