RU
Толық нұсқаға өту

Назым Қызайбай жартылай финалда қытайлық боксшымен жұдырықтасады

03.08.2024, 22:48 816

Қазақстан құрамасының боксшысы Назым Қызайбай ширек финалда жеңіске жетті, деп хабарлайды 24kz.

Ол колумбиялық былғары қолғап шебері Ингрит Лорена Валенсия Викторияны 4:1 есебемен жеңді. Енді отандасымыз жартылай финалда ел намысын қорғайды.

Айта кетейік, Назым алғаш рет Олимпиадаға қатысты. Осыған дейін 2 рет Азия чемпионатында топ жарып, Азия чемпионы атанған. Ал Ингрит Лорена – Рио Олимпиадасының қола жүлдегері. Енді Назым жартылай финалда қытайлық боксшы Ву Юмен жұдырықтасады. Жекпе-жек 7 тамызға қараған түні 01:00-де болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz