Парижде Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті, деп хабарлайды 24KZ.
Думанды кеш 80 мың адам сыятын «Стад де Франс» стадионында ұйымдастырылды. Шараның көркемдік жетекшісі – француз театрының режиссері Томас Жолли. Кешке әлемдік шоу-бизнес өкілдері де шақырылды.
Париж Олимпиадасының жабылу салтанатында Қазақстан туын Эльжана Таниева мен Батырхан Төлеуғали алып шықты. Ал Олимпиада эстафетасы Америка Құрама Штаттарына өтті. Себебі келесі ойындар 2028 жылы Лос-Анджелесте өтеді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz