RU
Толық нұсқаға өту

Елдос Сметовке ауылдастары құрмет көрсетті

12.08.2024, 19:24 758

Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке ауылдастары құрмет көрсетті, деп хабарлайды 24kz.

Тұрар Рысқұлов ауданының тұрғындары спорт саңлағын Құлан ауылында сән-салтанатпен қарсы алды. Одан кейін шара 2 мыңнан аса адам қатысқан мерекелік кешке ұласты. Аудан әкімі құтты болсын айтып, Елдос Сметовке жерлестерінің атынан автокөлік сыйлады. Дзюдошы бұл сыйды алғашқы бапкері Ахмет Жұмағұлға тарту етіп, ұстазына алғыс білдірді. Кеш барысында чемпионның ауылдастары Алаш абыройын асқақтатқан спортшыға тұлпар мінгізді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz