«Ұлы дала жорығы» марафон бәйгесінің басталуына 11 күн қалды, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жарыс әлемдегі жылқы тұқымдарының мәртебесін көтеріп, ұлттық қолтумаларды дамытуға серпін бермек. Елде тұңғыш рет өтетін Ұлы дала жорығының жай-жапсарын «Жорық» ат спорты федерациясының президенті Бақытжан Тұрлыбековпен талқылаймыз. Енді мамыр айында өткен республикалық «Ұлы дала жорығын» білеміз, шабандоздар Павлодардан шығып, Астанаға жетті. Ал халықаралық деңгейдегі жорық қай жерден бастау алады? Оның ерекшелігі неде?
Марафон-бәйге 5 мың жылдан астам бұрын адам баласы жылқы малын алғаш рет қолға үйреткен Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді мекенінде 3 қыркүйекте бастау алады.
Ауқымды спорттық шараға 10-нан астам елден командалар қатысады деп күтілуде. Иран, Түркия, Венгрия, Қырғызстан, Оңтүстік Африка Республикасы, Ресей Федерациясының және т.б. елдердің шабандоздары дүбірлі додада бақ сынайтын болады.
Қырғызстан құрамасы «Ұлы дала жорығына» қатысатын ең үздік аттарды іріктеу мақсатында көпкүндік ат спорты марафонын өткізді.
Ат жарысы Астанада 7 қыркүйекте аяқталады. Оның жеңімпаздары 8 қыркүйекте өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысады.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz