RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда Конституция күніне арналған дәстүрлі велошеру өтті

30.08.2024, 11:30 785

Спорттық шараға 500-ден астам адам қатысты.

Кәсіби спортшылармен қатар әуесқой велошабандоздар бабын сынады. Іс-шараның мақсаты саламатты өмір салтын насихаттау, велоспортты дамыту. Сондай-ақ Конституцияның азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ететін негізгі заң ретіндегі маңыздылығына назар аудару. Қатысушылар Әл-Фараби даңғылымен 8 шақырымды жүріп өтті.

Салтанат Қазыбаева, велошеруге қатысушы:

 «Өте қуаныштымын. Мен өзім белсенді өмір сүруге тырысамын. Ауа райы кереметү өте көп спортшылар мына жерде. Осындай велошерулер көп болу үшін тілектеспін».

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz