RU
Толық нұсқаға өту

Көшпенділер ойындарында қазақстандық жанкүйерлердің қолдауы ерекше

10.09.2024, 22:22 857

Қазақстандықтар Көшпенділер ойындарына қатысып жатқан спортшыларымызды қолдап, жанкүйер болуда. Әсіресе, «Қазанат» пен этноауылдағы әсер ерекше, деп хабарлайды 24kz.

Қолдарына көк ту ұстап, «Қазақстан» деп ұрандатқан жанкүйерлер қонақтарды тәнті етті. Келген көрермен көкпар, аударыспақ, садақ ату мен жамбы ату шеберлерінің өнеріне қол соғып, қошеметтеп жатты. Тіпті ұйымшылдықпен ән шырқап, жарыстың көркін қыздырды.

«Алайда нағыз қызық алда», - дейді ұйымдастырушылар. Себебі көкпардан өтетін финалдық ойын билеттерінің басым бөлігі сатылып кеткен.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz