RU
Толық нұсқаға өту

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан 23 медаль иеленді

10.09.2024, 23:17 1233

7 алтын, 7 күміс және 9 қола. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының үшінші күні Қазақстан қоржынына 23 медаль түсті, деп хабарлайды 24kz.

Бұл жөнінде Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының баспасөз қызметі хабарлады. Бүгін көкпардан ұлттық командамыз АҚШ-ты 12:4 есебімен ойсырата жеңді. Ал жамбы атудың түркі стилі бойынша біздің спортшылар бірінші және үшінші орындарды иеленді. Сондай-ақ қоржынымызды палуандарымыз да толықтыра түсті. Олар 4 алтын, 1 күміс және 2 қола жүлдені еншіледі. Бұдан бөлек кураш, мас рест-линг, аударыспақ, тоғызқұмалақ және дәстүрлі садақ атудан да спортшыларымыз үздік нәтижелер көрсетті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz