Иорданияның Амман қаласында өтетін чемпионатқа қалған спортшылар Қарақозы Әбдәлиев турнирінен соң анықталады. Бұл туралы Қайрат Сәтжанов мәлімдеді.
Бас бапкер Қарақозы Әбдәлиев жарысы 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығына жоспарланған. Бұл додада ұлттық құрама спортшыларының барлығы да бақ сынап көреді. "Осы турнир ұлттық құрама боксшылары үшін алдағы Азия біріншілігіне іріктеу болады", - деді. Айта кетейік, сарықұрлық додасы 30 қараша мен 12 желтоқсан аралығында өтеді.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz