RU
Толық нұсқаға өту

Шахмат олимпиадасы: 6-турдың қорытындысы

18.09.2024, 09:11 899

Шахматтан Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Африка шахматшыларын жеңді.

Мажарстан астанасы Будапеште өтіп жатқан 45-ші шахмат Олимпиадасында еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы кезекті ойынын өткізді. Ерлер арасында Махнёв, Нөгербек және Сүлейменов қарсыластарын қапы қалдырды. Ал Аңсат тең есепті қанағат тұтты. Әйелдер құрамасы болса рейтинг жағынан төмен Кубаға еш мүмкіндік қалдырмады. Есеп 4:0. Аруларымыз енді топ ондықтағы Әзербайжанмен өзара кіл мықтыны анықтайды. 183 елдің қатысуымен өтіп жатқан шахмат Олимпиадасында әйелдер құрамасы 10 ұпаймен 6-орында тұр. Ал ерлер 8 ұпаймен 35-орында келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz