RU
Толық нұсқаға өту

Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі кейінге қалдырылды

24.09.2024, 10:23 928

Жанқош Тұраровтың Алматыдағы жекпе-жегі кейінге қалдырылды.

Бұл туралы спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында: «28 қыркүйекке жоспарланған жекпе-жегім жаттығу барысында оң иығымнан жарақат алуыма байланысты кейінге қалдырылды, қай уақытта болатынын алдағы уақытта хабарлайтын боламын», - деп жазды.

Жанқош Алматыда екі бірдей чемпиондық атағын қорғау үшін 28 қыркүйекте шаршы алаңға шығады деп күтілген еді. Қарсыласы бұрын-соңды жеңіліп көрмеген венесуэлалық Хесус Корреа Пинто болатын.

Естеріңізде болса, ол соңғы рет өткен жылдың желтоқсан айында жекпе-жекке шығып, өзінің чемпиондық атағын қорғады. Жанқош Тұраров осыған дейін кәсіпқой бокста 28 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz