RU
Толық нұсқаға өту

Ақтауда дзюдодан Азия кубогі өтеді

02.10.2024, 09:45 1135

Туризм және спорт министрлігінің мәліметі бойынша Тұрар Жолдыбаевты еске алуға турнир 12-13 қазан аралығында болады.

Татами шеберлерінің бәсекесіне Әзірбайжан, Гонконг, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстаннан 200-ге жуық дзюдошы қатысады деп жоспарланған. Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне Халықаралық дзюдо федерациясының ережесіне сай рейтингтік ұпай беріледі. Атап айтар болсақ 1-орын алған спортшы 100, 2 орын 70, 3 орын алған 50 ұпайды еншілейді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz