RU
Толық нұсқаға өту

Елордада Majilis Cup турнирі өтті

25.10.2024, 19:30 1306

Астанада шағын футболдан Majilis Cup республикалық турнирі өтті, деп хабарлайды 24KZ. Ала доп жарысына Парламенттің төменгі палата депутаттарымен бірге еліміздің әр өңірінен келген БАҚ өкілдері қатысты.

Әуесқойлар арасындағы сында «Sport+» арнасы атынан шыққан команда бас жүлдені жеңіп алды. Чемпионатқа ұзын саны 20 команда қатысты. Әуесқой аяқдопшылар бұл сайысқа бір айдай жаттығып дайындалған.

Айта кетейік, Majilis Cup теңбіл доп турнирі үшінші жыл қатарынан ұйымдастырылып келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz