RU
Толық нұсқаға өту

Бокс: Абылайхан Жүсіпов – Азия чемпионы

13.12.2024, 07:52 1067

Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды 24kz.

Қазақстан бокс федерациясы 11 желтоқсан күні өткен финал бойынша IBA және ASBC ұйымдарына наразылық хат жолдады. Ресми хабарламада Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев жекпе жегінде өзбекстандық боксшы тарапынан спорттық ереже өрескел түрде бұзылғаны айтылады. Шаршы алаңдағы төреші Джована Угренович бұл сәтте ешқандай ескерту жасамағаны да сөз етіледі. Ал, Қазақстан тарапында ереже бұзылуына дәлел ретінде фото және видео материалдар да бар. Нәтижесінде ұйымдар осы салмақтағы ақтық сынды қайта қарады. 71 келіде Жүсіпов Азия чемпионы деп танылды, ал өзбекстандық боксшы белгілі мерзімге жарыстардан шеттетіледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz