RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан Венгрияда функционалды көпсайыстан әлем чемпионатына қатысып жатыр

13.12.2024, 14:42 873

Венгрия астанасы Будапеште функционалды көпсайыс бойынша әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды 24kz.

Онда фитнес шеберлері бақ сынасады. Додаға 36 елден 824 атлет барған. Қатысушылар 6 санат бойынша сынға түседі. Спортшылардың ең жасы 12-де, ал үлкені 66-да. Былтырғы чемпионатта Норвегия командасы жеңімпаз атанған. Арасында еліміздің спортшылары да бар. Халықаралық сайыс 15 желтоқсанға дейін жалғасады.

Гретчен Киттельбергер, Халықаралық функционалды фитнес федерация президенті:

- Мен баршаңызға «Супер әлемдер» деп аталатын биылғы әлем чемпионатына «Қош келдіңіздер!» деймін. Бұл бірнеше мәдениеттің өкілі – дүниежүзінің түкпір-түкпірінен келген спортшыларды біріктіріп келе жатқан ғаламат жоба. Алғашқы әлем чемпионаты 2017 жылы өтіп, оған 8 елден ғана қатысқан еді. Содан бері 7 жылдың ішінде қызығушылар саны еселеп артқанын көріп отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz