RU
Толық нұсқаға өту

Ұлттық ойындардың үздіктеріне «Алтын тұғыр» сыйлығы табысталды

21.12.2024, 11:10 1090

 

Ұлттық ойындардың үздіктері ұлықталды. Бас қалада «Алтын тұғыр» сыйлығы табысталды. 

Төл спорттың өкілдеріне бас-аяғы 11 аталым бойынша марапат берілді. Айта кетелік «Алтын тұғыр» сыйлығы ұлттық спорт түрлері мен дәстүрлі ойындарды кеңінен насихаттау, спортшылар мен жаттықтырушыларды ынталандыру мақсатында жыл сайын тағайындалады. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына 10 федерация кіреді.

Ғани Сұлтанұлы, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының вице-президенті:  

- 2024 жылы Ұлттық спорт үшін өте табысты жыл болды. Мұны өздеріңіз көргендей қыркүйек айында V көшпенділер ойындарында Қазақстан медаль саны бойынша алдыңғы қатарға шықты. Өзіміздің ұлттық спортқа қарасты спорттың барлығы алдыңғы қатардан көрінді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz