RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстан алғаш рет United Cup турнирінің жартылай финалына өтті

02.01.2025, 22:00 989

Австралияда өтіп жатқан United Сup турнирінде Қазақстан құрамасы Германияны жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Екінші жекелей сында Германиядан әлемнің 2-ракеткасы Александр Зверев ойнамай қалды да оның орнына рейтингіде 254-орындағы Даниэль Мазур шықты.

Мазур бірінші партияда Александр Шевченкодан 7:6 (7:5) есебімен басым түсті.

Дегенмен, осыдан кейін қазақстандық теннисші камбэк жасай білді — 6:2, 6:2.

Осылайша есеп 2:0 болып, Қазақстан құрамасы өткен жылғы чемпионнан айласын асырып, алғаш рет жартылай финалға шықты.

Дереккөз: Қазақстан теннис федерациясы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz