Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курортында өтіп жатқан фристайлдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі.
Отандасымыз финалдық сайыста үздік нәтиже көрсетіп, 104.52 ұпаймен бас жүлдені жеңіп алды. Бұл фристайл-акробатикадан Қазақстанның жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қол жеткізген алғашқы алтын медалі.
Екінші орынды қытайлық Юйхэн Ян (101.79) иеленсе, қола медаль тағы бір қытайлық спортшы Чжичен Янге (94.82) бұйырды.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz