Елена Рыбакина Австралия ашық біріншілігінің 1/8 финалына шықты, деп хабарлайды 24kz.
Қазақстан теннисшісі үшінші айналымда украиналық Даяна Ястремскаядан басым түсті. Есеп: 6:3, 6:4. Рыбакина ширек финал жолдамасын Мэдисон Киз – Даниэль Коллинз арасындағы жеңімпазбен сарапқа салады. Ал Юлия Путинцева үшінші кезеңнен аса алмады. Ол ресейлік Дарья Касаткинаға есе жіберді. Кездесу 7:5, 6:1 есебімен орыс спортшысының пайдасына аяқталды. Матч бір сағат 21 минутқа созылды. Касаткина енді америкалық Эмма Наваромен кездеседі. Биылғы Австралия ашық біріншілігінің жалпы жүлде қоры 59 млн 900 мың долларды құрайды.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz