Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Аустралия ашық чемпионатында алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды 24KZ. Ол «Үлкен дулыға» турнирінің алғашқы айналымында 6:3 есебімен аустралиялық қарсыласы Николас Бейкерден басым түсті. Тартысты матч 2 сағат 7 минутқа созылған.
Келесі айналымда отандасымыз болгариялық Александр Васильевпен кездеседі. Жерлесіміз жасөспірімдер арасындағы әлемдік рейтингте 39-шы орында тұр.
ТегтерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz